Ринат Заитовтың билік өкілдерінен түсінік беруін талап еткендегісі: Түсініксіз заңдарды шығарып ап, Халыққа түсіндіргіш шеттерінен. Ал, кез келді түгелін саралауға, Осы жерде қуат бер маған Алла. Мен бір сұрақ қойып көрейінші, Сол, барлығын түсіндіргіш ағаларға. Қазаққа құрып жатыр қақпанды кім, Жатырынан зәбір көретін жаттан бұрын. Түсіндіргіш ағалар түсіндірсін, Айтыстың жолын неге жапқандығын. Халықтың құдай берген қазынасын, Сіздермен ақылдаспай сатқандығын. Түсіндірсін, желтоқсанда Жаңаөзенде, Халыққа неге оғын атқандығын. Түсіндірсін, неге мұнша бай мемлекет, Қарызға қалай ғана батқандығын. Түсіндірсін, Әблязов, Храпунов, Әлі неге ұсталмай жатқандығын. Дегенде асыл тастан ақыл жастан, Құрайды шындықпенен ақын дастан. Түсіндірсе, осыларды түсіндірсін, Халықтың басын босқа қатырмастан. Түсіндірсін, кімнің қайда баратынын, Кім бастады өмірдің жаңа түрін. Неге біреу бизнес ашса президенттің, Жақындары оны тартып алатынын. Түсіндірсін, кімнің қалай ойлайтынын, Түсіндірсін, неге олар тоймайтынын. Өздеріне керек болса ата заңды, Ары-бері өзгертіп ойнайтынын. (Осылай ақиқатты лайық қыпсың, Істеген күнәларын жайып қып шын). Түсіндірге алмаса, қазірден-ақ, Отырған орынынан тайып тұрсын! "Сүйер ұлың болса, сен сүй" Республикалық айтысында финалда Мейірбек Сұлтанханмен айтысқан болатын.

Теги других блогов: продвижение SEO Google